Әлем
1 мин оқу 210

Қытайлық инженерлер қаза тапты

<p><strong>Пәкістанның солтүстігінде қытайлық инженерлер мінген автобус өртеніп, апатқа ұшырады. Жергілікті полицияның хабарлауын&shy;ша, қайғылы оқиға кезінде кем дегенде 10 адам қайтыс болды.</strong></p>

Қытайлық инженерлер қаза тапты

Хайбер-Пахтунхуа провинциясының Жоғарғы Кохистан аймағының полиция комис­сарының орынбасары Ариф Хан CNN-ге берген сұхбатында қайтыс болған 10 адамның алтауы – Қытай азаматы екенін хабарлады. Оның айтуынша, автобуста барлығы 31 шетелдік жұмысшы болған.

Полиция қызметкері жарылыстың себебі әлі де анықталмағанын айтты. Көліктің қозғалт­қышы істен шыққаны немесе қолдан жасалған жарылғыш заттың өртегені беймәлім.

Жаралылар мен қайтыс болғандарды ауру­ханаға жеткізу үшін тікұшақтар шақыртылған. Шетелдік инженерлер Инд өзенінде салынып жатқан су электр стансасының үлкен гра­витациялық бөгеті – Дасу бөгетінің құ­ры­лысына көмектесуге арнайы шақыртылған екен. Бұл нысан басшылығы әзірге ешқандай мәлім­деме жасамады.

Бөлісу:
Қытайлық инженерлер қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар