Ғылым
1 мин оқу 470

Дәурен Қасенов – ТМД-ның үздік жас ғалымы

<p style="text-align: justify;">Елордада халықаралық ғылы&shy;ми конференция және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғалымда&shy;рының &laquo;Үздік жас ғалым &ndash; 2021&raquo; халықаралық кітап топтамасының үшінші нөмірінің тұсаукесері өтті.</p>

Дәурен Қасенов – ТМД-ның үздік жас ғалымы

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым депар­таментінің офицері капитан Дәурен Қасенов бірінші дәрежелі дипломмен және «ТМД-ның үздік жас ғалымы – 2021» медалімен наградталды. Оның конкурстық жұмысы Қазақстанның күрт өзгермелі кон­тиненттік климатында ұшқышсыз ұшу аппараттарының мұздану проблемасын шешумен байланысты болды.

Капитан Дәурен Қасенов – жетек­ші отандық және шетелдік ғылыми жур­налдарда жарияланған 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы, үш кітап басылымының тең авторы, авторлық құқық объектісіне құқық­тарды мемлекеттік тіркеу туралы төрт куәліктің және бір патенттің иесі.

Биыл ол Қазақстан Рес­пуб­­­­ли­касы­ның Тұңғыш Президенті – Ел­басы атындағы Ұлттық қор­ғаныс уни­верситеті ғылыми-зерттеу тобы­ның құрамында отандық «Шағала» ұш­қышсыз ұшу аппаратын жасау бойын­ша қолданбалы ғылыми-зерт­теулерге қатысқан.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: