Атырау облысында көші-қон заңнамасы 1381 рет бұзылған
<p style="text-align: justify;">Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-12 шілде аралығында «Заңсыз мигрант – 2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p> </p>
Іс-шара қорытындысы бойынша көші-қон саласындағы заңнаманы бұзудың 1 381 дерегі анықталды.
«Оның ішінде ҚР Халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған 1 063 шетелдікке әкімшілік шара қолданылды. Ал, 22 шетелдік көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарылды. Бұған қоса, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Атырау облысының құрылыс алаңдарында жеке басын куәландыратын құжатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 188 азаматы анықталған.