Рим Папасы ауруханадан шықты
<p style="text-align: justify;">Рим Папасы Франциск Агостино Гемелли ауруханасынан ішек ауруы бойынша жоспарланған операциядан кейін шығарылды. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметінің директоры Маттео Бруни <a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%BF%D0%B0%D0%BF%D0%B0-%D1%80%D0%B8%D0%BC%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9-%D0%B2%D1%8B%D0%BF%D0%B8%D1%81%D0%B0%D0%BD-%D0%B8%D0%B7-%D0%B1%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B8%D1%86%D1%8B/2304387">мәлімдеді</a>, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оның айтуынша, Рим Папасы ауруханадан шыққаннан кейін Римдегі Санта-Мария Маггиор соборына барып, операцияның сәтті аяқталғанына дұға еткен, содан кейін Ватиканға оралған.
Рим Папасы Франциск 4 шілдеде ауруханаға жатқызылған болатын. Оған ішектің дивертикулярлық ауруының симптоматикалық түріне байланысты жоспарлы операция жасалды.