Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты 14 шілдеде болған.
«Кеше «Атырау-Астрахань» (Ресей шекарасы) тас жолында 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Ipsum» мен рульде 1957 жылы туған азамат болған «Toyota Highlander» көлігі соқтығысқан. Жол апатының салдарынан бір адам мерт болып, 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліліп жатыр.