ANTIKOR
1 мин оқу 420

«Қазақстан темір жолының» лауазымды тұлғасы ұсталды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан темір жолы&raquo; ҰК лауазымды тұлғасы ұсталды. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс - шаралардың нәтижелері бойынша «ҚТЖ» «ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директорын ұстады. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды», делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Бөлісу: