Қазақстан
1 мин оқу 321

Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің отбасына көңіл айтты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Танымал ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін таңертең Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 10 жылдан астам уақыт басқарған, дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болғаны туралы қаралы хабар жетті. Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша мұсылман қауымына тағы да көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын. Иманы саламат болғай. Әмин!», деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлінің отбасына көңіл айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар