Аймақтар
1 мин оқу 560

Жайық жағасындағы жылыжай

<p>Ақжайық ауылы &ndash; Махамбет ауданында орна&shy;ласқан округтің бірі. Жайық өзенінің жағасынан қа&shy;&shy;шық емес ірі елді мекенде егін шаруа&shy;шы&shy;лы&shy;ғы қанат жайған. Қазір мұнда 4 гект&shy;ар аумақта ірі жылы&shy;жайдың құ&shy;ры&shy;лысы қолға алыныпты.</p>

Жайық жағасындағы жылыжай

«Жұмағалиева Н» шаруа қо­жалы­ғының жетек­шісі Оспан Алмас­тың ай­туынша, аталған жобаның құны 1,4 млрд теңгені құрайды. Оны биыл­ғы төр­тін­ші тоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.

– Құрылыс алаңында 14 адам жұ­мыс істейді. Қазір жылыжай нысаны­ның қабырғасы құрастырыла бастады. Электр мен газ желісі тартылды. Бұл жы­лыжай іске қосылғанда 350 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Мұнда жылына 350 тоннаны құрай­тын қияр мен қызанақ өсіріледі, – дейді О.Алмас.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхам­бетов­тің айтуынша, мемлекет тарапы­нан ауыл шаруашылығы саласын дамы­туға көрсетілетін қолдау көп. Ал мұнайлы өңірге азық-түлік белдеуін құ­ру үшін дәл осындай жобалар қажет. Өйт­кені тұрғындарға сапалы әрі арзан көкө­ніс өнімдерін ұсынуды көздейтін бұл жылыжайда да жұмыс орындары ашы­лады. Жылыжай өнімдері жер­гілік­ті нарықтағы баға­ның тұрақ­тануы­на ық­­пал етеді.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жайық жағасындағы жылыжай · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар