Аймақтар
1 мин оқу 250

Алматының екі ауданында ыстық су уақытша тоқтатылады

<p style="text-align: justify;">Алматының екі ауданындағы үйлердің бір бөлігі ыстық судан уақытша ажыратылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мәлімдеді.

Алматының Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй мен өзге де ғимараттарға ыстық су беру мына көшелер бойынша шектеледі:

19 - 23 шілде аралығында - Остроумова - Дегдар - Красногорская;
21 шілдеден 9 тамызға дейін - Райымбек - Әшімов - Абай - Карьерная;
21 шілдеден 17 тамызға дейін - Гете - Майлин - Заславский - Новосибирск,
Лавренева - Дунентаева - Соболева - Зимняя,
Сүйінбай - Бекмаханов;
21 шілдеден 18 тамызға дейін - Собинова - Монтажная - Поддубный - Беринг.

Қаланың жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жоспарланған қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі, бұл күзгі-қысқы кезеңде жылу энергиясын өндіру процестеріндегі тәуекелдерді барынша азайту үшін қажет екені хабарланды.

Бөлісу: