Оқиға
1 мин оқу 243

Павлодарда жол апатынан бір кісі қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы Павлодар &ndash; Омбы автожолында орын алған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні сағат 01.25-те Павлодар ауылының жанында «Лада Веста» маркалы автокөлігі «УАЗ» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

-   Жол-көлік оқиғасы салдарынан «УАЗ» автокөлігінің 31 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші жарақат алып, Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөліктер айып тұрағына қойылды, - деді департамент өкілдері.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Омбы тас жолында жол апатынан зардап шеккен үш адам туралы хабарлады. Олардың бірі - 1991 жылы туған ер адам нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылған.

- Ер адамда ашық бас сүйек-ми жарақаты, мидың контузиясы және төбе желке сүйегінің сынуы тіркелді, - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

1996 және 1994 жылы туған зардап шеккен екі ер адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Бөлісу:
Павлодарда жол апатынан бір кісі қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар