Аймақтар
2 мин оқу 160

Маңғыстау облысында карантин күшейтілді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2021 жылдың 15 шілдедегі №14 қаулысы жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;Қаулы мәтіні <a href="https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/mangystau-zhanalyktary/108141">mangystaumedia.kz</a> сайтында жарияланған.</p>

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Ведомствоаралық комиссия «қызыл аймақтағы» өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шаралар қабылдады, тоқтатылсын:

  • Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
  • жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі.                     

Демалыс және мереке күндері қызметіне тыйым салынсын:

  •  қоғамдық көліктің;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
  • Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
  • Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
  • Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың.

Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:

  • 20-00 сағатқа дейін Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
  • ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің Ashyq жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
  • Ashyq жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін, Ashyq жүйесіне қатыспайтындар - сағат 18-00-ге дейін.
Бөлісу: