Оқиға
1 мин оқу 210
Ақтауда көшеде «тапаншамен» жүрген әйел елді шошытты
<p style="text-align: justify;">Ақтауда қолына тапанша ұстап, көше кезген әйел елді дүрліктірді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Әуесқой түсірілім әлеуметтік желіде тарады. Күдіктіні полиция ұстады. Әйелдің тұрақты мекенжайы жоқ. Қолына ұстап жүргені ойыншық қару болып шықты. Түсіндіру жұмыстарынан кейін ол еркіне жіберілді.
«Полицияға бұл бойынша ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы бойынша хаттама жасақталып, профилактикалық әңгіме жүргізілді», деді ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының орынбасары Айғаным Рахметова.
Бөлісу: