Атырауда 7 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алады
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында 1 шілдеде 1 349 отбасыдан 7 335 адамға 289,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, 1 110 отбасыдағы 6 287 адамға шартты ақшалай көмек, 239 отбасының 1 048 адамына шартсыз ақшалай көмек берілетін болды.
«Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілеттілерінің саны 2 051 адамды құрайды. Оның ішінде 103 тәуелсіз қызметкер, жүгіну кезінде жұмысы бары – 1 034, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер – 290, бала күтіміндегілер – 624. Жұмыссыз ретінде тіркелген 290 адамның 85,9 пайызы жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атап айтқанда, 24 адам тұрақты жұмысқа, 213-і қоғамдық жұмысқа, төртеуі кәсіби қайта даярлау курсына жіберілді», дейді Азамат Мәмбетов.