Аймақтар
1 мин оқу 355

Қазақстанның әскери корабльдері Каспийге жорыққа шықты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Сарыарқа&raquo; және &laquo;Маңғыстау&raquo; зымыран-артиллериялық корабльдері бастаған Әскери-теңіз күштерінің корабльдер тобы Каспий теңізінің қазақстандық секторына жорыққа шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Корабльдер экипаждары өздеріне жүктелген міндеттерді толық көлемде орындады. Бірқатар корабльдік-жауынгерлік оқу-жаттығулар өткізіліп, жүзу ауданы зерттелді. Әскери теңізшілер кеменің қалқымалы макетіне және қалқымалы минаға артиллериядан оқ атуды орындады.

Жорықты Әскери-теңіз базасы командирінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы басқарды. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар Әскери-теңіз күштеріндегі жауынгерлік даярлықтың негізі болып табылады. Жорықтар кезінде кеме командирлері мол тәжірибе жинайды. Жеке құрам іс жүзінде дағдыларға ие бола отырып, жауынгерлік даярлық деңгейін арттырады.

Бөлісу: