Оқиға
1 мин оқу 371
Елордада есірткі саудасымен айналысқан күдікті ұсталды
<p style="text-align: justify;">33 жастағы азаматтың көлігі елорданың Қосшығұлұлы көшесінде тоқтатылған. Тінту кезінде гашиш есірткісі оралған 13 полиэтилен пакет табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Мекенжайы бойынша үйін тексергенде сатуға арналған тағы 2 полиэтилен пакет, электронды таразы, және басқа заттар табылды. Арнайы операция кезінде 1 жарым келі есірткі тәркіленді. Полиция қызметкерлері қолға түскен азаматтың сыбайластарын анықтау үшін жедел іздестіру операциясына кірісті.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолға түскен адам қамауға алынды.
Бөлісу: