Әлем
1 мин оқу 182

Бельгияда су тасқынынан 12 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Бельгияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны 12-ге жетті, &nbsp;бес адам із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде тұр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл жайлы<a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D1%87%D0%B8%D1%81%D0%BB%D0%BE-%D0%B6%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B2-%D0%BD%D0%B0%D0%B2%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B9-%D0%B2-%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%B3%D0%B8%D0%B8-%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B3%D0%BB%D0%BE-12/2306262"> Анадолы агенттігі </a>ақпарат таратты.</p>

Толассыз жаңбыр Льеж, Вервье, Спа, Намур және Лимбург қалаларына және жақын маңдағы ауылдарға жауған.

Су тасқыны ондаған үйді қиратып, мыңдаған үйлер мен кеңселерді су басты. Сондай-ақ сел көптеген көліктерді ағызып әкеткен.

Елдің шығысында көлік жолдары жабылған. Кей өңірде теміржол байланысы да тоқтап қалған.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу: