Аймақтар
1 мин оқу 466

Алматының Желтоқсан көшесі уақытша жабылады

<p style="text-align: justify;">Алматының Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстарына байланысты бір түнге жабылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,</p>

«16 шілде кешкі сағат 21:00-ден 17 шілде таңғы сағат 7:00-ге дейін Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесі бойымен батыс бағытта Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін көліктердің қозғалысы шектеледі», деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерін жөндеуге байланысты енгізіліп отыр.

Компания жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Бөлісу:
Алматының Желтоқсан көшесі уақытша жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар