Аймақтар
1 мин оқу 555

Бекшин эпидемиологиялық жағдай туралы айтты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы &laquo;қызыл&raquo; аймақта. Осыған орай Құрбан айт мерекесіне арналған барлық іс-шара онлайн форматта өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Оның айтуынша, Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Науқастар санының өсуіне мутацияланған «дельта» штамы әсер етуде.

«15 шілдеде коронавирус инфекциясының 885 жағдайы тіркелді. Оның 780-і симптомсыз және 105-і симптомды. Инфекциялық стационарларда 2 292 адам, оның ішінде 181 бала жатыр. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде 132 науқас бар. Сондай-ақ 27 – ӨЖЖ, 39 - инвазивті емес ӨЖЖ, 61 High flow аппараты қосылған. Бүгінде үйде БМСК және телемедицина орталығының мобильді бригадаларының бақылауында 4 326 науқас бар, симптомды жеңіл және орташа дәрежесі бар - 3958, ал симптомсыз – 368 адам бар», деді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар ол Құрбан айт мерекесі биыл онлайн форматта өтетінін жеткізді.

«Қалада коронавирус инфекциясының күрт өршуіне байланысты адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үй мен медреселерде айт намазын өткізуге тыйым салынады», деді Жандарбек Бекшин.

Бөлісу:
Бекшин эпидемиологиялық жағдай туралы айтты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар