Аймақтар
1 мин оқу 320

Арыста мұнай өңдеу зауыты ашылады

<p style="text-align: justify;">Биыл Арыс қаласында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдейтін &laquo;ҚаратауТрансСервис&raquo; ЖШС зауыты жұмысын бастайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақпаратқа <a href="https://www.inform.kz/ru/neftepererabatyvayuschiy-zavod-zapustyat-v-arysi_a3813407">сілтеме</a> жасап.&nbsp;</p>

Жобаның жалпы құны 11 миллиард теңгені құрайды. Ол осы жылдың соңына дейін іске қосылып, 112 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қаладағы  өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2118,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 153,8 млн теңгеге өсті.

Бұл туралы қала әкімі Гүлжан Құрманбекова брифингте мәлімдеді.

Бөлісу: