Президент
1 мин оқу 440

ҚР Президенті Ангела Меркелге көңіл айту жеделхатын жолдады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Мемлекет басшысы «Бернд» циклонынан туындаған толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл Германия халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апат кезінде жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне, ал із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін»,  делінген жеделхатта.

Бөлісу:
ҚР Президенті Ангела Меркелге көңіл айту жеделхатын жолдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар