Коронавирус
1 мин оқу 244
Атырауда жансақтау бөліміндегі науқастар саны көбейді
<p style="text-align: justify;">Атырауда қауіпті вирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен науқастар саны көбейді. Облыстық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жансақтау бөліміндегі науқастар саны 63-ке жеткен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 2 632 төсек-орын бар. Қазір стационарларда 1 013 науқас оқшауланып, мұндағы жүктеме 38,4%-ды құрады. Ал, жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 63 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 8 науқастың өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Бұл бөлімдегі 113 төсек-орынның жүктемесі 55,7 %-ға жетті», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Бөлісу: