Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі
<p style="text-align: justify;">Ташкент қаласында «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өз­ара бай­ланыс. Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы Ха­­лық­­аралық конференция қарсаңында Орталық Азия елдерінің сырт­­қы саясат ведомстволары басшыларының бейресми кездесуі өтті.</p>

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нуран Ниязалиев қатысты.
Тараптар биылғы 6 тамызда Түрікменстанда өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуіне дайындық мәселелерін талқылады. Іс-шараның күн тәртібі, Саммиттің қорытынды құжаттары бойынша пікір алмасылды.
«Егемен-ақпарат»