Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/ya-ih-nokautiruyu-janibek-alimhanulyi-brosil-novyiy-vyizov-chempionu-mira" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Қазіргі уақытта орта салмақтағы чемпиондар қатарында америкалық Джермалл Чарло (WBC) және Деметриус Андраде (WBO), қазақстандық Геннадий Головкин (IBF, IBO) және Жапония өкілі Риота Мурата (WBA Super) бар.
«Мен чемпиондық жекпе-жекті қалаймын. Мен WBO рейтингінде екінші нөмірмін. Мунгия - рейтингтің бірінші нөмірі. Олар менімен дуэльге келіспейтінін білемін. Себебі мен оларды нокаутқа жіберетінімді білемін. Андраде? Ол қайда? Маған WBO әлем чемпионы атағы керек», деп жазды Жәнібек Twitter-дегі парақшасында.