Аймақтар
1 мин оқу 390

Қызылордадағы ойын-сауық орталығында жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Бүгін таңғы сағат 7.20-да Қызылорда қаласындағы балаларға арналған &laquo;Пумба&raquo; ойын-сауық орталығында газ бен ауа қоспасының жарылысы болды. Бұл туралы облыстық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордадағы ойын-сауық орталығында жарылыс болды

«Өрт ғимараттың бірінші қабатын түгел шарпыған. Жалын сағат 7-ден 44 минут өткенде оқшауланып, 8.15-те толық тоқтатылды. Жарылыстан ағаш сарай мен шатыр құлаған. Сондай-ақ Жеңіс көшесі, 20-үйдің терезелеріне зақым келді. Қайтыс болғандар мен жарақат алғандар жоқ», делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі табиғи газдың кемуінен деген болжам жасалып отыр.

Бөлісу:
Қызылордадағы ойын-сауық орталығында жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар