Қоғам
1 мин оқу 560

Қазақстанда ұрлық саны азайды - ІІМ

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ұрлық саны 22,6%-ға азайды. Бұл туралы онлайн-брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Криминалдық полиция ел Президентінің тапсырмасы бойынша ерекше бақылауға алынған қылмыспен күрестің тағы бір бағыты туралы хабарлады. Бұл ұрлықпен күрес. Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде елде ұрлық 22,6%-ға, нақты айтқанда 36 842-ден 28 534-ке азайды. Оның ішінде пәтер тонау 25,7%-ға, яғни 8293-тен 6160-қа дейін төмендегені байқалды. Бұл жарты жылдық мәліметтер. Жыл басынан бері пәтерлерден ұрлық жасағаны үшін 2186 адам, оның ішінде 110 қылмыстық топ ұсталды», деді Ш.Тұрлыбек.

Бөлісу:
Қазақстанда ұрлық саны азайды - ІІМ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар