Аймақтар
1 мин оқу 490

Атырауда 15 жасар жасөспірім суға батып кетті

<p style="text-align: justify;">Атырауда Жайық өзеніне суға түскен 15 жасар жасөспірім жантәсілім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда 15 жасар жасөспірім суға батып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 18 шілдеде болған.

«Кеше сағат 20:15 шамасында 2006 жылы туған жасөспірім «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұсындағы жағажайда Жайық өзеніне суға түскен. Алайда, жасөспірім өзеннен қайта шықпай қалған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 20:31-де Жайыққа батқан баланың денесін судан шығарды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырауда 15 жасар жасөспірім суға батып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар