Аймақтар
1 мин оқу 340

Оралда жылыжайда шетелдік азамат есірткі өсірген

<p style="text-align: justify;">Орал қаласы аумағындағы жылыжайдың бірінде Ресей Федерациясының азаматы тиым салынған есірткі өсімдігін өсіріп, қолға түсті деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оралда жылыжайда шетелдік азамат есірткі өсірген

Батыс Қазақстан полиция департаментіне қарасты Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі дайындаумен айналысқан зертхананы әшкереледі. «Қарасора» арнайы іс-шарасы кезінде қолға түскен 36 жасар азамат құрамында есірткі бар өсімдіктерді үй жағдайында өсіру технологиясын әбден жолға қойған екен. Тінту нәтижесінде бірнеше түп өсімдік пен арнайы құрал-жабдық тәркіленген.

Осы оқиға туралы хабар таратқан Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мақсұтхан Әбләзимов күдіктінің үстінен «тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бабы бойынша іс көтерілгенін айтты. Қазір бірнеше сараптама тағайындалған.

Батыс Қазақстан

Бөлісу: