Әлем
1 мин оқу 290

Украина Президенті жұмыс сапарымен Грузияға барды

<p style="text-align: justify;">Украина Президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен Грузияның Батуми қаласына келді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82-%D1%83%D0%BA%D1%80%D0%B0%D0%B8%D0%BD%D1%8B-%D0%B7%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9-%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B1%D1%8B%D0%BB-%D0%B2-%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%B7%D0%B8%D1%8E/2308754">Анадолы агенттігі </a>тарақтан ақпаратқа сілтеме жасап.</p>

Батуми халықаралық әуежайында Зеленскийді Грузия сыртқы істер министрінің орынбасары Лаша Дарсалия мен Аджария Премьер-министрі Торнике Рижвадзе қарсы алды.

Зеленскийді басты мақсаты – Украина, Грузия және Молдованың «Үштік қауымдастығы» форматындағы іс-шаралар мен мемлекет басшылары деңгейінде өтетін Халықаралық конференцияға қатысу. Үш елдің көшбасшылары саммиттің бірлескен декларациясына қол қояды.

Форум аясында Зеленский Грузия мен Молдовадағы әріптестері - Саломе Зурабишвили және Майа Сандумен, сондай-ақ Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді.

Бөлісу:
Украина Президенті жұмыс сапарымен Грузияға барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар