Спорт
1 мин оқу 430
Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
<p style="text-align: justify;">Олимпиада ойындарының басталауына бір аптадан аз ғана уақыт қалды. Дегенмен, әлі күнге дейін әлемдік доданы Қазақстанның қай арнасы көрсететіні белгісіз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бүгін отандық журналист Сергей Райлян Facebook-парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға сауал жасады.
«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтоты Райымқұловаға сұрақ: «Не себепті телевидениеден Олимпиада-2020 ойындарын көре алмаймыз?», деп жазды журналист.
Ал, Қазақстан ұлттық арнасының баспасөз хатшысы Айдын Дүйсенбайқызы Prosports.kz сайтына трансляция мәселесі әлі шешілмегенін, жақын уақытта белгілі болатынын айтты.
Бөлісу: