Саясат
2 мин оқу 390

Тұрғындар мұқтаждығын айтты

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің депутаты Зүлфия Сүлейменова мен Қайыңды ауылдық округі әкіміне үміткер Нұрболат Жалғас Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен, AltynEx Company компаниясының ұжымымен кездесті.</p>

Тұрғындар мұқтаждығын айтты

Nur Otan партиясынан ауыл­дық округ әкіміне кандидаттыққа тір­кел­ген Нұрболат Жалғас 2013 жыл­­дан бері Мұғалжар ауданы Қа­­йыңды ауылдық округінде бас маман болып жұмыс істейді. Жасы 30-да. Уни­верситетті туризм ма­ман­дығы­мен бітірген бойы ту­ған жерінде ең­бек етіп келеді. От­ба­сы­лы, екі баласы бар.

Ол елмен етене араласып жүр­гендіктен де ауыл тұрғын­дары­ның тұрмыстағы қиындықтарын жақ­сы білетінін, сол үшін сайлауалды бағдарламасына Алтындыдағы амбулаторияға күрделі жөндеу жүр­гізіп, мектеп құрылысын аяқ­тауды, Алтынды мен Қайыңды елді мекендеріндегі электр желілерін алмастырып, «Ембі – Алтынды» автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізуді енгізген. Мұғалжар ауда­нының Қайыңды ауылы облыс ор­талығынан 270 шақырымда ор­на­ласқан. Округке Алтынды және Қайыңды ауылдары кіреді.

Қайыңды ауылының тұр­ғын­дары Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменоваға ұзындығы 56 ша­қы­рым болатын «Алтынды – Ембі» тасжолын жөндеуге ықпал етуін сұрады. Тұрғындардың айтуын­ша, ауылішілік жолды әбден тоздырған – AltynEx Company ЖШС-нің ауыр жүк көліктері. Жаз бойы жолда көтеріл­ген шаң көлік жүргізушілеріне жолды көруді қиындатып, терең ой-шұқырлары жеңіл көліктің қозға­лысына әбден қиындық келтірген.

Зүлфия Сүлейменова Қайыңды ауылы тұрғындарының талабын Алтындыда AltynEx Company ЖШС мекемесі ғимаратында өт­кен кездесуде компания бас­шы­лығына жеткізді. Мәжіліс депутаты ауылішілік қатынас жолын ретке кел­тіріп, орташа жөндеу жұ­мыс­та­рын жүргізуді компания бас­шы­лығына тапсырып, осы мәсе­лені үнемі қадағалап отыратынын жеткізді.

Айта кету керек, 14 шілдеден бастап аудандық маңызы бар қала­лардың, ауылдар мен кенттердің және ауылдық округ әкімдерін сайлаудың үгіт-насихат науқаны басталды. Ақтөбе облысында ауылдық округтер әкімдігіне 107 кандидат тіркелсе, оның 17-сі – әйелдер. 65 кандидат алты саяси партиядан, 42 адам өзін өзі ұсыну жолымен тіркелді. Партиялық тізім бойынша Nur Otan партиясы­нан – 28, «Ауыл» партиясынан – 16, «Ақ жол» партиясынан – 9, АDAL партиясынан – 5, Қазақстан ха­лық партиясынан – 5, Жалпы­ұлт­тық социал-демократиялық партиясынан – 2 кандидат әкім болуға үміткер.

Облыстық сайлау комиссия­сының мәліметіне қарағанда, сайлау алдында бір округке орташа бәсекелестік 3 адамнан келеді. Кандидаттардың ең жасы 27-де, ең үлкені – 62 жаста.

Ақтөбе облысы

Бөлісу: