Аймақтар
1 мин оқу 1,580

Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармашылығына арналған &laquo;Естен кетпес бейне&raquo; атты көрме өтті. Көрмеге әр кезеңде музей қорына жинақталған фотосуреттері, орден-медальдары мен төсбелгілері қойылды. С.Бәйішев атындағы кітапхана да жазушының кітаптары мен басылымдарда жарияланған мақалаларын экспозицияға қойды.</p>

Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме

Қажығали Мұханбетқалиұлы 1942 жылы Байғанин ауданының Кемерши ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіргеннен кейін Ақтөбе облыстық телеви­зиясында, кейін облыстық «Ком­мунизм жолы» газетінде ең­бек етті. Жазушы Алматыға қо­ныс аудар­ған соң «Қазақстан» баспасында редактор, «Жұлдыз» журналында аға әдеби қызметкер, «Қазақ әдебиеті» газетінде проза бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы. «Жаңа фильм» – «Новый фильм» журналының бас редакторы, «Түркістан» апта­лы­ғының бөлім меңгерушісі болды.

Жазушының «Жұлдызды түн­дер», «Тоғай сыбдыры», «Жаң­ғы­­рық», «Ескі достар», «Қай­да­сың, сен махаббат?», «Өмір соқ­­пақтары», «Сынық терезе» кітап­тары жарық көрді.Соның ішінде Махамбет Өтемісұлына арнал­ған «Бас жұтқан бас» повесі оқыр­мандар жүрегінен жол тапты.

Жазушы 2012 жылы Сырым батыр жайлы «Тар кезең» тарихи романын жарыққа шы­ға­рып, 2014 жылы осы кітапқа Қа­зақстанның мем­ле­­кет­тік сый­­­лығы берілді. Қ.Мұхан­бет­қали­-

ұлының шығар­малары орыс, украин, өзбек, тү­рікмен тілдеріне ауда­рыл­са, өзі де П.Мериме, Р.Аку­­тагава, С.Моэм, түрікмен жа­зу­шысы Т.Жұ­­­­маға­лиевтің, орыс жа­зу­шы­сы А.Склон­­ның шығар­ма­ла­рын қазақ ті­ліне аударды.

Қажығали Мұ­хан­бетқа­ли­ұлымен бірге қыз­метт­ес болған ақ­төбеліктер, соғыс­­тан кейінгі қи­ын-қыстау ке­зеңде Байғанин даласында өткен балалық шағы туралы жерлестері естеліктермен бөлісті.

Ақтөбе облысы

Бөлісу:
Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған көрме · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар