Аймақтар
2 мин оқу 420

Жамбыл облысында тепловоз бен автокөлік өртенді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында бір күнде тепловоз бен автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/231276?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Жазғы аптап ыстықта Жамбыл облысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына мұқтаж азаматтар қатары арта түсті. Күн сайын жедел басқару орталығына төтенше жағдайлар туралы 20-дан астам хабарлама келіп түседі. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Айталық, өткен тәуліктерде Талас ауданының №12 өрт сөндіру бекетіне Талас ауданының Табақбұлақ станциясындағы тепловоздың өрті туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілердің кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында өрт бір сағат ішінде оқшауланып, бір жарым сағатта толықтай сөндірілген. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Сол күні Алматы-Ташкент тас жолында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары дереу жіберіліп, өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылданған. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың іс-қимылдары нәтижесінде тілсіз жау оқшауланып, жойылған. Өрттің шығу себебін анықтау бойынша шаралар қолға алынды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелмеген.

«Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарынан өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда, уақыт өткізбей шұғыл түрде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ шомылу маусымында судағы қауіпсіздік шараларын ұмытпауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды», делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Жамбыл облысында тепловоз бен автокөлік өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар