Атыраудың модульдік ауруханасында 88 нәресте дүниеге келді
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласындағы модульдік ауруханада 88 нәресте өмірге келген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 195 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 87 жүкті, босанған 10 әйел мен жаңа туған 7 нәресте бар.
«Биылғы наурыздан бері модульдік ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден коронавирус инфекциясына қарсы алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті. Алайда, жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан, өмірге сәби әкелуді жоспарлаған немесе жүкті әйелдерге қауіпті инфекциядан барынша қорғануға шақырамын», дейді №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджанов.