Атырауда модульді ауруханада шу шығарған емделуші үйіне жіберілді
<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, емделуші өзін ауруханада күштеп ұстағаны отырғаны туралы видео жариялаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Оның анасы аурухана ішіне басып кіріп, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірді. Өзге емделушілердің мазасын алып, шу шығарды. Емделушінің анасы аурухана дәрігерлерінің емдік шаралары қабылданып жатқаны туралы айтқанына құлақ аспады. Сондай-ақ, емделушінің өзі ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығын бұзып, аурухана ішін видеоға түсірген. Осыған байланысты №2 облыстық ауруханасының әкімшілігі жалған ақпарат таратып, оны жария еткені үшін істі сотқа беруге дайын», деп мәлім етті №2 облыстық аурухананың әкімшілігі.
Ауруханаға түскенде емделушіде коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Сондай-ақ, екіжақты пневмония диагнозы қойылған.
«Анасы мен күйеуі екіжақты заңды куәгерлердің қатысуымен қолхат жазып, емделуші үйіне жіберілді. Енді Махамбет ауданы тұрғынының денсаулығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады», деп хабарлады аурухана әкімшілігі.