Спорт
1 мин оқу 152

Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарылады

<p style="text-align: justify;">Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингі кезекті рет жаңарды деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://olympic.kz/kk/article/21681-yuliya-putintseva-uluchshila-pozitsiyu-v-reytinge-wta" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Olympic.kz.</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орынды сақтап қалса, Юлия Путинцева жеті сатыға жоғарылап, 35-ші орынға көтерілді.

Путинцеваның жоғарылауына Будапешттегі турнирде жеңіске жеткені себеп болды. Ал Зарина Дияс 99-шы орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы АТР рейтингінде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 40-шы орынға төмендесе, Михаил Кукушкин 123-ші орынды иеленді.

Бөлісу:
Юлия Путинцева WTA рейтингінде жеті сатыға жоғарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар