Спорт
1 мин оқу 350
Токиода жоғалып кеткен ауыр атлет табылды
<p>Жапонияда жоғалып кеткен угандалық 20 жастағы ауыр атлет табылды, деп хабарлады Токиодан <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> тілшісі.</p>

Kyodo агенттігінің хабарлауынша, Джулиуса Секитолеко Олимпиадада сынға түсу үшін Токиоға келген бетте қашып кеткен. Алайда бірнеше күннен кейін 20 жастағы угандалық ауыр атлет Мие префектурасынан табылған.
Бұған дейін хабарланғандай, Жапонияда өз командасының орналасуынан кейін-ақ жоғалып кеткен Секитолеко Угандаға оралғысы келмейтіндігі туралы жазба қалдырған. Өйткені ол онда өмір сүру қиын және делегация мүшелерінен заттарын отанында қалған әйеліне тапсыруын өтінген.
Бөлісу: