Коронавирус
2 мин оқу 160

Әскери медицина қызметкерлері аудандарға жіберілуі мүмкін

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавируспен күресуге азаматтық ұйымдармен қатар армия да атсалысады. Бұл туралы&nbsp;ҚР Қорғаныс министрлігінің<a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/231678?lang=kk"> ресми сайты</a> хабарлады, деп жазады<a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/231678?lang=kk">&nbsp;</a><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қазіргі уақытта Қазақстанның Қарулы Күштерінде COVID-19-бен күресу және індеттің жеке құрам арасында таралмауын болдырмау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Әскери бөлімдер мен мекемелерге қажетті қорғаныс құралдары және медициналық мүліктер беріліп, эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Мамандар жеке құрамның денсаулығына үнемі мониторинг жүргізеді.

Жеке құрамның 99%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын, 92%-ға жуығы екінші дозасын алды.

Сонымен бірге әскери дәрігерлер азаматтық ұйымдарда қызмет атқаратын әріптестеріне көмекке келуге әзір. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда әскери госпитальдар әзірленді. Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі шілде айынан бастап коронавируспен сырқаттанғандарды емдеуді бастады.

– Алматы, Талдықорған және Үшаралдағы үш әскери-емдеу мекеме азаматтарды қабылдауға әзір. Жағдайы ауыр науқастар үшін жансақтау бөлімшелері дайын. Олар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, пульсоксиметрлермен, оттегі концентраторларымен және басқа да жабдықтармен жабдықталған, – деп хабарлады ҚР ҚК Бас әскери-медициналық басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы полковник Әлбек Манабаев.

Санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың екі филиалы –  «Астана» мен «Батыста» мамандардың саны артып, құрамына эпидемиолог, вирусолог, бактериолог пен зертханашылар енгізілді.

Аягөз, Талдықорған,  Сарыөзек және Семейдің әскери госпитальдарында қосымша төрт инфекциялық изолятор жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі стационарлық ПТР-зертхана, сондай-ақ Ақтау мен Семейде ПТР-тестілеуді өткізу мүмкіндігі бар мобильді зертханалық кешен жұмыс істейді.

Шалғайда орналасқан аудандардың тұрғындарына көмек ретінде дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар мен Қарулы Күштердің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары қысқа мерзімде жіберілуі мүмкін.

Бөлісу:
Әскери медицина қызметкерлері аудандарға жіберілуі мүмкін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар