Қазақстан
1 мин оқу 283

Бүгін телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">21 шілдеде таңғы сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады», делінген хабарламада.

Бөлісу: