Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Жол-көлік оқиғасы Әуежай-Павлодар автожолында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл жайында Pavlodarnews.kz сайтында жарияланды.</p>
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 шілде күні сағат 08.00-де Mitsubishi Delica маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегімен келе жатқан 79 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
- Салдарынан жаяу жүргінші жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Алайда зейнеткер есін жимастан қайтыс болды, - деді департаментте.
Сондай-ақ дәл сол күні сағат 11.30-да Минин - Щедрин көшелерінің қиылысында «ВАЗ 21112» және «Тойота-Коррола» маркалы автокөліктері соқтығысып қалды.
«ВАЗ 21112» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалып, барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілуде.