Әлем
1 мин оқу 705
Тәжікстанда қатты селден 12 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Тәжікстанның Соғды облысында сел жүріп, 12 адам ажал құшты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Атап айтқанда, Тәжікстан Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Киштудак ауылының маңында жүрген сел 10 адамды жайылымға ағызып әкеткен.
«Ауданның Заравшан аймағындағы ТЖМ құтқарушылары Киштудак ауылының 8 тұрғынын балшық астынан шығарып алды. Тағы екеуін іздеу жалғасуда», деп хабарлайды Азия-Плюс республиканың төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, тағы екі әйел 19 шілдеде Дашти Кози ауылындағы сел салдарынан қаза тапқан.
Бөлісу: