Аймақтар
1 мин оқу 503

Балқаш әуежайы мемлекет меншігіне берілді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Балқаш әуежайы жергілікті әкімдіктің коммуналдық меншігіне қабылданды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қазақпаратқа сілтеме жасап.</span></p>

Берілген нысандардың қатарында аэровокзал ғимараты, рульдеу жолы және перрон бар. Толық жаңартудан кейін әуежай үлкен ұшақтарды қабылдай алады.

«Қазақмыс» корпорациясы сараптама қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынды. Ол бойынша қажетті сома анықталды. 2022 жылы республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді деп жоспарлануда.

Өтінімді рәсімдеу осы жылы басталады. Толық қайта іске қосылғаннан кейін Балқашқа 1-ші және 2-ші кластағы (Boeing, Airbus және басқалары) үлкен ұшақтар келе алады.

Жөндеу кезінде әуежай штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

Бөлісу:
Балқаш әуежайы мемлекет меншігіне берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар