Әлем
1 мин оқу 240

ДДҰ басшысы – Токиода

<p style="text-align: justify;"><strong>Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Токио Олим&shy;пиадасында коронавирус қаупін то&shy;лы&shy;&shy;ғымен жою мүмкін емес еке&shy;нін және ойын&shy;дардың сәтті өтуін инфекциямен күрес&shy;тің жүр&shy;гізілуіне қарап бағалауға&nbsp; болатынын жеткізді.</strong></p>

Олимпия ойындарын қауіпсіз өткізуге бола ма деген сұраққа нақты жауап жоқ. Чили Ұлт­тық Олимпиада комитеті вирус жұқтырған таэк­вон­дошының жарысқа қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл – Жапонияға келгеннен кейін ойын­нан бас тартуға COVID-19 індетін себеп ретінде кел­тірген алғашқы жағдай.

Бір жылға кейінге қалған Олимпия ойындары осы жұмада басталуға тиіс. Ұйымдастыру комитеті қазір­дің өзінде 79 адамның вирус жұқтырғанын хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Токио Олим­пиа­да­сы әлемге COVID-19 пандемиясымен күресте дұ­рыс жос­пар мен тиімді шаралар арқылы неге қол жеткізуге болатынын көрсетуі керек деген пікірде. «Олимпия ойындары әлемді біріктіруге, шабыт­тандыруға және қол жеткізуге болатын мүмкіндікті көрсетеді», деді ол. Олимпиада алауын жоғары ұстап тұрып ДДҰ басшысы осы жерден көрінген үміт сәулесі дені сау, қауіпсіз әлем мен әділ қоғамға бас­тасын деп, Токио Олимпиадасына сәттілік тіледі.  

 Kyodo басылымының хабарлауынша, сәрсенбі күні Токиода 1832 адам індет жұқтырған. Бұл –маусымның ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Бөлісу: