Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
<p style="text-align: justify;">Америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/ozvuchenyi-novyie-data-i-mesto-sleduyuschego-boya-gennadiya-golovkina" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», делінген дереккөздерде.
Бастапқыда Головкин - Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.
«Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», деп жазды Рафаэль.