Коронавирустың қолдан жасалғаны рас па? Ухан институты мәлімдеме жасады
<p style="text-align: justify;">Ухан вирусология институты коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="https://ria.ru/">РИА Новости</a>.</p>
«2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Және де институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады», деді Юань Чжимин брифингте.
Сондай-ақ ол вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті.
«Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады», дейді Юань Чжимин.