Спорт
1 мин оқу 464

Атыраудан жеті спортшы Паралимпиадаға қатысады

<p style="text-align: justify;">Токиода өтетін Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының тізіміне атыраулық жеті спортшы енді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атыраудан жеті спортшы Паралимпиадаға қатысады

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бәрі де түрлі халықаралық жарыста жүлдегер атанған.

«Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарында атыраулық бес парадзюдошы бар. Олар – Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлұлы, Зарина Байбатина мен Жанбота Аманжол. Сондай-ақ, жүзуші Ержан Сәлімгереев пен таэквондошы Нұрлан Домбаев та бақ сынайды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атыраудан жеті спортшы Паралимпиадаға қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар