Спорт
1 мин оқу 374

Токио Олимпиадасына барған 12 спортшыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Бейсенбі күні Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті 12 спортшының коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://english.kyodonews.net/news/2021/07/3d8b36214003-olympics-2-athletes-10-others-among-new-olympic-related-virus-cases.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Кyodo</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Қазіргі уақытта Токиодаға Олимпиада ойындарына қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.

Вирустық инфекция жұқтырған екі адам – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар.

Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті 1 шілде күні санаққа кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.

Осыған байланысты Олимпиаданың ашылу салтанаты жұма күні кешке карантиндік шектеулерге байланысты жанкүйерлерсіз өтетін болады.

Бөлісу: