Экономика
1 мин оқу 2,600
Қазақстан қай елге қанша қарыз?
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр. Бір жылда ол 11 млрд долларға көбейген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, бүгінде еліміздің шетке берешегі 164,1 млрд долларға жеткен. 2020 жылы көрсеткіш 152 млрд доллар шамасында болды.
Енді осы борышты мемлекеттерге бөліп қарасақ, Қазақстан Нидерландқа – 44,3 млрд доллар, Британияға – 22,6 млрд, Америка Құрама Штаттарына 13 жарым млрд доллар берешек.
Бұдан бөлек Бермуд аралдарынан алған қарыз көлемі биыл – 31,1 процентке, халықаралық ұйымдардан – 17,3 процентке, Ресей мен Франциядан алған қарыз 5,7 және 2, 6 процентке өскен.
Бөлісу: