Аймақтар
1 мин оқу 344

Таразда көлік қағып кеткен велосипедші қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Таразда Мерседес жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/voditel-mercedes-nasmert-sbil-velosipedista-v-taraze/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

20 шілде күні сағат 21:40-та Төле би және Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz CLS-350 автокөлігінің жүргізушісі жолда жүріп келе жатқан велосипедшіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес аталған қылмыстық істің мән-жайы жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Таразда көлік қағып кеткен велосипедші қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар