Шолақ мылтық тәркіленді

ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері полицейлермен бірге Өскемен қаласының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіледі.

Шығыс Қазақстан облысында кезекті рет «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіптісақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу еді.
– Өскемендегі бір жас жігіттің үйінен табылған қару «Ижевск» механикалық зауытында шығарылған нөмірлері бар. Маманның пікірінше,16 калибрлі бір ұңғылы, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық екен, – деді ОВ 156/20 мекемесінің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Жасұлан Баденов.
Аталған факт ҚР ҚК 287 бабының 3-бөлігі, яғни, «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.