Қоғам
2 мин оқу 540

Жазғы лагерьге тегін қымыз жеткізеді

<p style="text-align: justify;">Бізге Малайсары батыр атындағы мектептің директоры Анар Жетібаева жергілікті кәсіпкерлердің бастамасымен мектеп жанындағы жазғы лагерьге қымыз жеткізілгенін қуана хабарлады. Еліміздегі &laquo;Қайырымды істер марафоны&raquo; жалпыұлттық жобасына орай ауылшаруашылық құрылымдары да үлес қосып жатыр.</p>

Жазғы лагерьге тегін қымыз жеткізеді

Ал жалпы, мектепте 125 бала білім алады. Қазіргі кезде жазғы лагерьде екі маусымда 1-7-сынып аралығындағы әлеуметтік тұр­ғыдан аз қам­тылған, көп балалы отба­сы­нан шыққан 30 бала дема­луда. Балалармен психолог, кітапханашы, медбикелер жұмыс істейді. Спорттық ша­ралар мен түрлі сауықтыру жат­тығулары, күн терапиясы, құм терапиясы өткізіледі.

Анар Жетібаеваның айтуынша, балаларға дұрыс та­мақтанып, денсаулығына ши­па болатын қымыз бен дә­румендер ішу қажет екені бел­гілі. Мектепте ашылған «Жауқазын» деп аталатын ба­ла­лар­дың жазғы сауықтыру ла­геріне Әндір Мади басқаратын «Мади» және Қайыржан Жа­рылғазиннің «Жарылғазин» шаруа қожалықтары демеушілік жасауда. Қос шаруашылықтың өнім өндіру бойынша арнайы сертификаттары бар. Әр­қай­сысы 5 литрден күніне 10 литр қымыз жеткізеді. Балалар күн­делікті төрт уақыт тамақтан кейін жатар алдында, кейде таң­ертең қымыз ішеді.

– Иә, біз ертеңгілік дене жат­тығуларын жасаймыз. Медбике апай денсаулығымызды, дене тазалығын тексереді. Дәмді қы­мыз ішеміз. Түрлі тақырыпта психологиялық тренингтер де өткізілді. Түстен кейін би билеп, ән айтып, түрлі қойылымдарға қатысамыз. Жаз мезгіліндегі табиғатты, жазғы демалыс туралы әсерлеріміз жайлы суреттер саламыз. Ла­герь­де өте көңілді. Спорттық ойын­дар ойнап, ауыл маңына экскурсияға барамыз, – дейді демалушы балалар.

Ыдыста ырыс бар. Балаларға қымыз ұлттық ыдыстар, тоста­ғандармен беріледі. Бұл да – жақсы тәрбие. Жас мұғалімдер ата-баба мұрасын сақтау тақы­рыбында ағаштан жасалған шара аяқ, шара, зере, саптыаяқ, тостаған, тегене, табақ, астау, керсен, шөміш, ожау, қасық, ағаш шелек, күбі, шелек сияқты ыдыс-аяқтың түрлерімен де таныстырады.

Лагерьдің жетекшілері жас ма­мандар, мұғалімдер Ай­дана Аманжолова, Асима Иман­баева, Лаура Урюмова, Камила Солтанова балалардың бос уақыт­тарын қызықты өткізу­де ізде­ніспен қызмет етуде. Демалыс уақытын тиімді ұйым­дастыруда салауатты өмір салты, өлкетану және туризм, па­триоттық тәрбие, экологиялық тәрбие, ата-бабалар мұрасын сақтау сияқты бағыттарда жоба-жоспарын құрып, жұмыс жасауда.

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Малайсары батыр ауылы

Бөлісу:
Жазғы лагерьге тегін қымыз жеткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар